Бауыржан Байтана: Өзім шыққан клубта ойнау мен үшін үлкен қуаныш

12.08.2020, 19:01
«Таразға» қайта оралған Бауыржан Байтана клубтың баспасөз қызметіне өзінің әсерімен бөлісті.
Бауыржан Байтана: Өзім шыққан клубта ойнау мен үшін үлкен қуаныш

- Бауыржан, клубқа қайта оралуыңмен. Қандай күйдесің?

- Мені жылы қарсы алды. Командада шамамен барлығымен жақсы таныспын. Тіл табысып, танысу үшін уақыт қажет етпейді. Өзім шыққан клуб үшін ойнау мен үшін үлкен қуаныш. Бірақ былтырғы маусымда командадан ауысуға тура келді. Өкінішке орай, бәрін ашып айта алмаймын. Бұл сахна сыртындағы тақырып болып қала берсін.

- Өзіңнің «Тараз» сапындағы алғашқы матчың есіңде ме?

- Ия, ол 2009 жылы болатын. Өскемендік «Восток» командасына қарсы ойында алаңға ауысып кірген едім. Ол ойынға дейін екі күн бұрын қосалқа құрам сапында матч өткіздім. Келесі күні достармен шомылуда жүргенде хабарласып, ертеңгі күні өтетін негізгі құрамның ойынына қатысатын құрамада бар екенімді айтып, тезірек келуімді ескерті. Мен бірден үйден заттарымды жинастырып, кездесуге дайындалу үшін базаға қарай тарттым. Ол ойынға ауысып кіріп, 20 минуттай алаңда өткіздім. Аса бір қатты толқу болған жоқ. Командадағы жасы үлкен жігіттер мен бапкерлер демеу көрсетті. Әрине, мұндай сәттер естен кетпейді.

- Жергілікті ойыншылармен ойнау жағымды шығар?

- Әлбетте. Жан-жағыңда өзіңе жақын жігіттер көп болғаны, әрине жақсы. Дегенмен, біз кәсіпқой спортшылармыз ғой. Сондықтан біз үшін қатты айырмашылығы болмауы қажет. Егер олар құрамда болса, демек шеберлігінің арқасында болады. Сол себепті құрметке лайық.

Фк "Тараз" баспасөзі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×