Бауыржан Исламхан елордалықтардың сапын толықтырды

26.07.2025, 10:29

Бауыржан Исламхан «Астана» клубымен келісім-шарт жасасты.

Бауыржан Исламхан елордалықтардың сапын толықтырды

Бұл жайында клубтың әлеуметтік желісінде жарияланды:

Жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан «Астана» клубымен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды.

 

Исламхан 2013 жылы елордалық клубтың намысын қорғап, жарты маусымда 8 ойын өткізген.

«Қазіргі таңда Бауыржан өз бабынан әлі алыс­та екенін жақсы түсініп отырмыз. Жарақатынан кейін ол бұрынғы қалпына келуі үшін уақыт қажет. Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан Исламханның ұлттық құрама мен отандық футболдағы еңбегін ескере отырып, клуб оның толық қалпына келуіне көмектесу дұрыс деп шешті. Біз оған уақыт керек екенін түсінеміз. Қазір ол біздің мақсаттарымызды орындауға тікелей көмектесе алмайды. Соған қарамастан, оның жоғары деңгейдегі футболшы екеніне еш күмәніміз жоқ. «Астана» оған қайта қалпына келуге, бұрынғы бабына еніп, қазақстандық жанкүйерлерді ойынымен қайта қуантуға мүмкіндік беруге дайын», – деді «Астана» клубының басшысы Саян Хамитханов.

Айта кетейік, «Тұран» клубында өнер көрсететін футболшы биылғы маусымда әлі алаңға шықпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×