Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан АФК тәртіптік комитетінің үкімі бойынша екі жылға футболдан шеттетілді.
Ал Бауыржан Исламхан бұл шешім туралы өз пікірін білдірді:
- 2020 жылғы 18 қыркүйекте өткен Азия Чемпиондар лигасындағы матчтан кейін мен допинг-тесттен өттім, ол таңқаларлықтай болып, нәтиже оң болып шықты. Менің сынамамнан метилгексанамин өте төмен концентрацияда табылды, мөлшері 90 нг/мл, бұл осы затты ойланбай қолданғанымды анық көрсетеді.
Мен ешқашан допинг қолданған емеспін және спорттық режимді бұзған емеспін, сондықтан болғанның бәрі мен үшін таңқаларлық жағдай болды.
Метилгексанаминді көбінесе бодибилдерлер бұлшықетін дамыту үшін пайдаланады және футбол үшін мүлдем пайдасыз. Бірақ, өкінішке орай, бұл зат ластанған өнім ретінде спорттық тағамда жиі кездеседі. Мен дәл осындай жағдайға тап болғаныма сенімдімін. 11 қыркүйектен бастап, екі аптаға жуық, мен Катарда командамен бірге болдым, онда біз қонақүйден шыға алмадық және қатаң карантиндік жағдайда өмір сүрдік, тыйым салынған заттарды айтпағанда, тамақ пен сусын сатып алуға мүмкіндік болмады. Мен тек қонақ үйде тамақтандым және тек команда дәрігері ұсынған спорттық тағамдарды қолдандым.
Жақында АФК Тәртіптік комитеті менің ісім бойынша шешім шығарды. 10 сағатқа созылған кездесуде АФК өкілдері мені 4 жылға дисквалификациялауды талап етті, бірақ соңында төрешілер мені 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 жылға шеттету туралы шешім қабылдады.
Мен өз ісімді дәлелдеуді жалғастырамын және бұл шешімге міндетті түрде шағым түсіремін. Лозанна сотындағы төрешілер менің дәлелдерім мен айғақтарымды тыңдайтынына сенімдімін. Қазақстанның барлық футбол сүйер қауымынан мені қолдауларыңызды сұраймын, өйткені маған қазір сіздердің қолдауларыңыз бұрынғыдан да қатты қажет.
Біздің серіктес: FONBET