Бауыржан Исламхан қай клубқа ауысады? Тағы қандай ұжымдар сатып алғысы келеді?

15.01.2020, 19:30
Бауыржан Исламхан қай клубқа ауысады? Тағы қандай ұжымдар сатып алғысы келеді?

Жаңа жылдан бастап Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан еркін агент атанған болатын.
Қазір жартылай қорғаушыны өз қатарынан көргісі келетін ұжым саны тағы береуге артты. Соңғы мәліметке сүйенсек, Ресейдің «Крылья Советов» командасы Исламханды сатып алғысы келеді.

Самара ұжымы Ресей біріншілігінде соңғы орындардың бірінде келе жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бауыржан Исламханға Мәскеудің «Локомотиві» мен Қазанның «Рубині», Польшаның «Леха» командасы қызығушылық танытып жатыр деген ақпарат тараған еді.

26 жастағы футболшы 2014 жылдан бастап «Қайрат» жейдесінде өнер көрсетті. Биыл келісім-шарты аяқталған соң оны ұзартпауды жөн көрген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×