Бауыржан Исламхан «Рубинге» ауысуы мүмкін

25.06.2020, 16:58
Бауыржан «Рубинде» көшбасшы ойыншы бола алады.
Бауыржан Исламхан «Рубинге» ауысуы мүмкін

Ресейдің «Спорт-Экспресс» сайты Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды «Рубин» клубының алуы мүмкін ойыншыларының тізіміне қосты.

Бауыржан Исламхан өзінің қазіргі «Аль-Айн» клубына осы жылы қаңтар айының соңында ауысқан болатын. Эмираттық клуб үшін барлық турнирлерде барлығы 10 матч өткізіп, 1 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

27 жастағы қазақстандықтың "Аль-Айнмен" қазіргі келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Еске салайық, жақында футболдан БАӘ чемпионаты коронавирустық пандемияға байланысты мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Егер Исламхан "Рубинге" де ауыспаса, маусым соңына дейін бұрынғы клубы "Таразда" ойнауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×