Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп қалды

13.10.2020, 05:55
Негізгі ойыншыларымыздан айырылдық, бірақ жеңу керек...
Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп қалды

Ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты команда орналасқан жерден кетіп қалды.

Сонымен қатар, Қостанайлық «Тобылдың» орталық қорғаушысы Сұлтан Әбілғазы Қазақстан құрамасына қосылады. Футболшы ұлттық құрамаға бірінші рет шақыртылып отыр және Беларуссияға қарсы матчта ойнауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Қорғаушы Александр Марочкин мен жартылай қорғаушы Юрий Перцух Беларуссия құрамасымен болатын ойында өнер көрсетпейді. Албаниямен болған матчта екі ойыншы да жарақат алды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы қазанның 14-нен 15-не қараған түні сырт алаңда Беларуссия құрамасымен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×