Бауыржан Исламхан: біз баяғыда-ақ Еуропа чемпионатында ойнар едік...

16.01.2026, 12:29

Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасының Әлем, ЕУРО-ға шығу мүмкіндіктерін бағалап, өз пікірімен бөлісті.

Бауыржан Исламхан: біз баяғыда-ақ Еуропа чемпионатында ойнар едік...
Бауыржан Исламхан

«Бүкіл ел ұлттық құрамамыздың үлкен турнирге жолдама алуын армандайды. Иә, біз Бельгиямен тең ойнадық. Бірақ бәрі бір ғана ойынға байланысты емес. Егер бәрін бір матч шешетін болса, біз баяғыда-ақ Еуропа чемпионатында ойнаған болар едік, себебі бұған дейін Данияны да жеңгенбіз. Құрамамызға тұрақтылық жетіспейді. Үнемі «уақыт керек» деп айтып келеміз. Бізде өсіп келе жатқан талантты жастар бар. Соларды қолдап, сенім артуымыз керек. Алдағы жылдары нәтижелер болады деп сенемін», – деді Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан J тобында 8 ұпаймен төртінші орын алды. Әлем чемпионатына берілетін тікелей жолдаманы Бельгия (18 ұпай) иеленсе, Уэльс (16 ұпай) плей-офф кезеңінің жолдамсын еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×