Қазақстан құрамасы мен "Ордабасының" жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жазғы трансферлік ауысым кезінде клуб ауыстыруға жақын болды.
Тараз футбол мектебінің түлегіне "Елімай" қызығушылық танытты деген ақпарат бар. Семейлік клуб алаңның ортасын күшейтетін футболшы іздеген көрінеді. Алайда, былтырғы ҚПЛ чемпионы еурокубок кезінде негізгі құрамның футболшысын жіберуге ниет танытпапты. Тараптар мәмілеге келе алмаған. Осылайша Андрей Карповичтің командасы басқа футболшыны қатарына қосты. Дәлірек айтсақ, семейлік ұжым сапын еркін агент болған Аслан Дарабаев толықтырған болатын. Ал өз кезегінде Дарабаевтың бұрынғы клубы "Астанадан" кетіп жарты жыл жұмыссыз жүргені де мәлім.
"Елімай" ҚПЛ-дің 14-турынан кейін бесінші сатыға жайғасқан. Команда қоржында 19 ұпай. Көшбасында "Ордабасы. Екінші орында" Ақтөбе" тұрса, үздік үштікті "Қайрат" түйіндеуде.
Біздің серіктес: FONBET