Бауыржан Тұрысбекке ҚПЛ клубы көз тікті

17.02.2022, 21:29
Шабуылшы «Ақсу» клубымен мәмілеге келе алмады.
Бауыржан Тұрысбекке ҚПЛ клубы көз тікті

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Футболшы «Ақсу» клубының Түкиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан болатын, бірақ павлодарлық командамен келісім-шартқа отырған жоқ.

Екінші лигада бақ сынайтын «Хан тәңірі» Тұрысбекті командаға шақырғысы келеді.

Бауыржан бұған дейін «Қайрат», «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және сербиялық «Раднички» клубында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×