Мюнхендік «Бавария» Альфонсо Дэвисті ақыры «Реал Мадридке» жібермейтін болды. Клуб басшылығы канадалық вингерді командада қалуға көндіріп, алдағы бірер күнде жаңа келісім-шартқа отыруға уағдаласып отыр.
Бүгінде қос тараптың өкілдерімен барлық құжаттар келісіліп, еңбек шартын 2030 жылға дейін созу көзделген. Бұл туралы ақпаратты Sky Sports журналисі Флориан Плеттенберг жариялады. Сенімді дерек көзге сүйенген спорт шолушысы тіпті алдағы дүйсенбі күні жаңа келісім-шартқа қол қойылады деп отыр. Осылайша, сол қапталда ойнайтын қорғаушыны «Бавария» өз сапында қалдырмақ. Ал Альфонсо Дэвисті жазғы маусымда тегін иеленгісі келген «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес бармағын тістеп қалатын секілді. Канадалық вингер неміс клубында жаңа келісім-шартпен жылына шамамен 15 миллион еуро жалақы алатын болады.
Біздің серіктес: FONBET