“Бавария” англиялық қорғаушының келісімшартын ұзартты

02.03.2024, 19:55

Эрик Дайер “Баварияда” тағы бір маусым өткізетін болды, деп жазады Аладоп.кз.

“Бавария” англиялық қорғаушының келісімшартын ұзартты

Қорғаушы мюнхендік клубқа осы жылдың қаңтар айында “Тоттенхэмнен” 4 млн еуроға ауысып келген болатын. 

Футболшы жаңа ұжымдағы келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартты.

Осы маусымда Эрик неміс командасы сапында 7 ойын өткізіп үлгерді.

Жалпы Дайер өз мансабында “Эвертон U-18”, “Спортинг” және “Тоттенхэм” клубтарының намысын қорғаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×