«Бавария» - «Интер» және «Арсенал» - «Реал» Мадрид матчына болжам

08.04.2025, 17:40

«Бавария» - «Интер»

«Бавария» - «Интер» және «Арсенал» - «Реал» Мадрид матчына болжам

Мюнхендік клуб бұл жұптың фавориті. Бірақ, «Бавария» бұл статусты ақтай ала ма? Венсан Компанидің командасы 1/8 финалда «Байерді» оңай өткен. Бірақ одан бұрын «Селтикпен» кәдімгідей «қиналғанын» көрдік.

Бундеслигада мюнхендік клубтың аяқ-алысы керемет, екінші сатыдағы «Байерден» алты ұпай алда. Бұған дейін бұл айырмашылық алтыдан әлдеқайда көп болатын, бірақ «Баварияның» босаңсуы арадағы ұпай санын біраз қысқартты. Дегенмен, биылғы Бундеслигадағы бас жүлде «Баварияға» бұйыратынына ешқандай күмән жоқ.

«Бавария» мен «Интердің» соңғы кездесулерінің статистикасы да неміс клубының жағында – соңғы екі ойын Венсан Компани командасының жеңісімен аяқталған.

«Интер» 1/8 финалдық кезеңде «Фейеноордты» қапы қалдырды. Қос ойын қортындысында 4:1-мен ширек финалға сенімді өтті. Ал негізгі кезеңде миландық ұжым 4-орынмен аяқтаған болатын.

А Сериясында Симоне Индзаги жаттықтыратын команда көш басында, бірақ «Наполи» де қыр астында. Неапольдік клубтың 3 ұпайы кем болғанымен, бір ойыны бар. «Интер» соңғы 10 ойында жеңілмей келеді – 7 жеңіс пен 3 тең нәтиже.

Бұл ойында көп гол соғылмайды деп топшылаймыз. Болжам – кездесудің жалпы тоталы 3-тен кем. Fonbet.kz-те бұған 1.57 коэффициентімен бәс тігуге болады.

«Арсенал» - «Реал» Мадрид

Микель Артетаның командасы 1/8 финалдық кезеңде «ПСВ-ны» жоқ қылып жіберді (қос ойында 9:3). Ендігі қарсыластың статусы әлдеқайда жоғары екені сөзсіз – «Реал» бұл жұптың анық фавориті. «Канонирлер» АПЛ-де екінші орында, «Ливерпульден» 11 ұпайы кем. Бірақ үшінші «Ноттингем Форесттен» 5 ұпай алда тұр. Биыл да премьер-лиганың күмісі «Арсеналға» бұйыратын секілді. Сондықтан, Микель Артета бар күшті ЧЛ-ға салады деп топшылаймыз.

«Реал» әдеттегідей қиын қыстау кезеңдерді артқа тастап, алға жылжып келеді. Негізгі кезеңде әупірімдеп плей-офқа шықты, «Манчестер Ситиден» айласын асырып «Атлетиконы» пенальтиден асырды. Енді тағы бір АПЛ клубы «Арсеналға» қарсы тұрмақ.

Ла Лигада соңғы бес ойынның екеуінде сүрінді. «Барселонадан» төрт ұпай қалып келеді бірақ Карло Анчелоттидің шәкірттері чемпиондықтан үміт үзбейді.

Бұл ойында біз көп гол соғылады деп ойлаймыз. Біздің болжам матчтың жалпы тоталы 3-тен көп болады деп ойлаймыз. Бұған біздің серіктес 2.50 коэффициент тарту етеді.                  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×