“Бавария” командасы Еуропада теңдессіз рекорд орнатты

Венсан Компани баптайтын ұжымға биыл тең келер команда табылмай жатыр.

“Бавария” командасы Еуропада теңдессіз рекорд орнатты

Мюнхен командасы Еуропаның топ-5 лигасы тарихында алғашқы 10 кездесуін жеңген тұңғыш ұжым саналып отыр. 

Неміс ұжымы ішкі чемпионатта 6 ойында, Чемпиондар Лигасында 2 ойында және Кубок пен Суперкубокте бір-бір матчтан жеңіске жетті. Сол ойындарда “Баварияның” доп айырмасы 38:8 көрсеткішін көрсетті. 

Жалпы Венсан Компанидің келуімен Бавария 66 матчтың 48 қарсыластарынан басым түсті. Орташа есеппен алғанда, Мюнхен ұжымы өз кездесулерінде 2,3 ұпайға қол жеткізіп отырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Бавария
Aladop Youtube
×