"Байерн Мюнхен" негізгі қорғаушысы Дайо Юпамеканомен жаңа келісімшартқа қол қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алайда журналист Экрем Конурдың мәліметінше, футболшының өзі карьерасын Мадридтің "Реалында” жалғастыруды қалайды.
27 жастағы француз қорғаушысы "Реалдың” қазіргі ойын стилін, клубтың Еуропадағы мәртебесін және жеке карьерасын жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігін маңызды фактор ретінде көретін сыңайлы.
Германия чемпионы Юпамеканоны өз қатарында сақтағысы келеді. Ол клуб қорғанысының негізгі тіректерінің бірі саналатындықтан, Мюнхендіктер мақсаты келісімді ұзарту.
Алайда ойыншының "Реалға" деген айқын қызығушылығы және басқа да топ клубтардың араласуы клуб жоспарына қиындық туғызып отыр.
Юпамеканоға АПЛ-дың "Ливерпулі”, Францияның "ПСЖ" клубы да қызығушылық білдіруде.