“Бавария” Томас Мюллермен қоштасты. “Біз сенімен мақтанамыз, Томас!”

07.07.2025, 14:30

Мюнхеннің "Бавария" клубы өзінің аңызға айналған жартылай қорғаушысы Томас Мюллермен ресми түрде қоштасты.

“Бавария” Томас Мюллермен қоштасты. “Біз сенімен мақтанамыз, Томас!”

“Біз саған бас иеміз, Томас!" – деп жазды "Бавария" әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мюллердің клуб сапындағы соңғы матчы 5 шілде күні клубтар арасынлағы әлем чемпионатының ширек финалында "ПСЖ"-ге қарсы өткен ойын болды.

Томас Мюллер "Бавария” академиясында тәрбиеленіп, 2007 жылдан бастап негізгі командада ойнай бастады. Осы уақыт ішінде ол клуб сапында 756 матч өткізіп, 250 гол соғып, 223 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×