"Бавария" Әлем чемпионын сатып алды

14.01.2019, 21:30
"Бавария" Әлем чемпионын сатып алды
"Штутгарт" командасының қорғаушысы Бенжамен Павар "Бавариямен" бес жылға келісім-шартқа отырды. 22 жастағы футболшы Мюнхен клубының қатарына жазда қосылады. Павар былтыр Франция құрамасы сапында Ресейдегі әлем чемпионатында топ жарып, турнирдегі ең әдемі голдың авторы атанған болатын. Оның Аргентина қақпасына соққан добы ел есінде қалды. Бенжамен биылғы маусымда "Штутгарт" құрамында 14 матчқа қатысты. Неміс бундеслигасында «Бавария» екінші орында тұр. Мюнхендік клуб топ бастаған Дортмундтың «Боруссиясынан» алты ұпай қалып келеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×