«Бавария» «Барселонадағы» қаржылық дағдарысты пайдаланып де Йонгты сатып алғысы келеді

10.12.2020, 02:42
Футболшының келісімшартындағы өтемақы мөлшері 400 миллион еуроны құрайды.
«Бавария» «Барселонадағы» қаржылық дағдарысты пайдаланып де Йонгты сатып алғысы келеді

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг келісімшарттың ұзартылғанына қарамастан командадан кетуі мүмкін.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, Мюнхеннің "Бавариясы" 23 жастағы футболшының қызметіне қызығушылық танытуда. Тіпті оны каталондық клубқа ауысқанға дейін де өз қатарына қосуға тырысқан екен. Мюнхендік клуб "Барселонадағы" қаржылық дағдарысты пайдаланып, Фрэнкиді сатып алғысы келеді.

"Бавария" де Йонгтың агентімен трансфер бойынша келіссөздерді бастауға дайын екендігі туралы хабарлаған. Ойыншының келісімшартында көрсетілген 400 миллион еуро өтемақы мөлшеріне қарамастан, "Бавария" трансфер сомасы бұрынғыдай - 75 миллион еуро + 11 миллион еуроға (бонус) тең болатынын анықтады.

Де Йонг "Барселонаға" 2019 жылдың жазында "Аякс" клубынан ауысып келді. Осы маусымда жартылай қорғаушы Испания чемпионатында 10 матч өткізіп, тиімді әрекеттерімен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×