«Бавария» Чемпиондар лигасынан қанша пайда табады?

21.08.2020, 19:25
Неміс машинасы топтық кезеңдегі рекордты (гол соғу бойынша) жаңартқаны үшін 63 миллион еуро алған болатын.
«Бавария» Чемпиондар лигасынан қанша пайда табады?

"Бавария" Чемпиондар лигасындағы ойындарынан 120 миллион еуро пайда тапты. Бұл турнир тарихындағы ең үлкен сома.

Финалға жеткен «Баварияның» кірісі келесі құрамдас бөліктерден тұрады: топтық кезеңге шығу үшін 15,25 миллион еуро, топтық кезеңдегі алты жеңісі үшін 16,2 миллион еуро, 1/8 финалға шыққаны үшін 9,5 миллион еуро, ширек финалға шыққаны үшін 10,5 миллион еуро және финалға шыққаны үшін 15 миллион еуро. Егер Ханс-Дитер Фликтің командасы турнирдің шешуші матчында жеңіске жетсе, олар УЕФА Суперкубогына енгені үшін тағы 4 миллион еуро мен бонус ретінде 3,5 миллион еуро алады.

Сондай-ақ, клуб теледидар құқығынан 11,5 миллион еуро және Чемпиондар лигасындағы соңғы 10 жылдағы жалпы рейтингте үшінші орыны үшін 33,24 миллион еуро алады. Алдыңғы рекорд 2019 жылы 117,73 миллион еуро пайда тапқан «Барселонаға» тиесілі еді.

2019/2020 жылғы турнирдің финалдық матчы - "Бавария" - "ПСЖ" арасындағы кездесу 23 тамыз күні Лиссабонда өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×