«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

04.11.2020, 16:15
2017 жылы «Барселона» ПСЖ қақпасына соңғы 15 минутта үш гол соққан еді.
«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

"Бавария" Чемпиондар лигасындағы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Топтық кезеңнің 3-тур матчында мюнхендіктер "Ред Булл Зальцбургті" жеңді. "Ред Булл Арена" стадионында өткен кездесу 6:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында "Бавария" соңғы 15 минутта төрт гол соқты.

Twitter-де OptaFranz хабарлағандай, "Бавария" Чемпиондар Лигасы тарихындағы соңғы 15 минутта төрт гол соққан алғашқы команда.

Мюнхендік клуб тоғыз ұпай жинап, А тобындағы көшбасшылығын нығайтты. "Атлетико" (4 ұпай) екінші орында, "Локомотив" (2 ұпай) үшінші орында. "Ред Булл Зальцбург" турнир кестесін түйіндеді (1 ұпай).

Келесі турда «Бавария» қайтадан "Ред Булл Зальцбургпен" кездеседі. Ойын 25 қарашаға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×