«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартуы мүмкін

20.08.2020, 17:27
Ол үшін «ПСЖ-ға» 4 гол соғуы керек.
«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартуы мүмкін

"Бавария" Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Лион" командасын 3:0 есебімен жеңіп, "Барселонаның" рекордын жаңартуға жақын қалды.

Германиялық команда кешегі ойында биылғы Чемпиондар лигасында 42-шы голын соқты. Ал бір маусымда бұл турнирде ең көп гол соққан "Барселона" командасы. Каталондық ұжым 1999-2000 маусымда 45 гол салған. "Бавария" биыл аталған рекордты бұзуға жақын. 

Жалпы Мюнхен қаласының командасы турнирдің финалына 11 рет шығып тұр. Бұл көрсеткіш бойынша "Милан" командасымен теңесті. Чемпиондар лигасының финалына ең көп шыққан "Реал" командасы. Мадридтік команда финалда 16 мәрте ойнаған. 

Биыл ширек финалдан бастап Чемпиондар лигасы Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Бір ойыннан ғана тұрады. Финал 23 тамыздан 24 тамызға қараған түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×