Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушы Томас Мюллермен келісім-шартты ұзарту туралы мәмілеге келді. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, 32 жастағы неміс футболшысы 2025 жылға дейін жарамды жаңа келісім-шартқа қол қояды.
Мюллер - «Баварияның» түлегі. Transfermarkt ойыншының нарықтағы құны 25 миллион еуроға бағалауда. Жартылай қорғаушының командамен қазіргі келісім-шарт мерзімі 2023 жылы аяқталады.
Мюллер осы маусымда Бундеслиганың 29 ойынға қатысып, 7 гол соқты, 19 нәтижелі пас берді.
2010 жылдан бері футболшы Германия құрамасына шақыртылып келеді. Команда үшін 110 матч өткізіп, 42 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET