«Бавария» «Лионның» тас-талқанын шығарды

20.08.2020, 07:58
Мына ойынымен «Бавария» бізді финалда да таң қалдыруы мүмкін.
«Бавария» «Лионның» тас-талқанын шығарды

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінде «Бавария» «Лионды» 3:0 есебімен жеңді.

Кездесу Лиссабонда (Португалия) "Жозе Алваладе" стадионында өтті. Матчқа Матео Лаос бастаған испандық төрешілер тобы қазылық етті.

Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 18-минутта Йозуа Киммихтің пасының арқасында Серж Гнабри алғашқы голдың авторы атанды. 33-минутта Германия клубы екінші голды соғып кетті, Гнабри дубль жасады. Матч соңында Роберт Левандовски Киммихтің пасынан кейін есепті 3:0-ге жеткізді.

Финалда «Бавария» франциялық «Пари Сен-Жерменмен» кездеседі. Шешуші матч 23 тамызда Лиссабонда "Да-Луж" стадионында өтеді. Айта кетейік, «Бавария» - Чемпиондар лигасының 5 дүркін жеңімпазы, "ПСЖ" ешқашан турнирде жеңіске жеткен емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×