«Бавария» марокколық футболшымен мәміле жасаспақ

19.04.2022, 23:37
Футболшының агентімен ауызша келісім жасалған екен.
«Бавария» марокколық футболшымен мәміле жасаспақ

«Бавария» жақын күндері голландиялық «Аякстың» қорғаушысы Нуссаир Мазрауимен жүргізілген келіссөздерді аяқтайды. Марокколық футболшы мюнхендік клубқа еркін агент ретінде ауысады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, соңғы кездесуде Мазрауидің агенті Мино Райоламен ауызша келісім жасалған, бірақ келісім-шартқа әлі қол қойылмады.

Мазрауи - «Аякс» академиясының түлегі. 24 жастағы футболшы осы маусымда барлық 33 ойынға қатысып, 5 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×