«Бавария» ойыншылары бас бапкерге сенімсіздікпен қарауда

12.09.2022, 18:01
Мюнхендік клуб келесі ойынын «Барселонаға» қарсы өткізеді.
«Бавария» ойыншылары бас бапкерге сенімсіздікпен қарауда

«Баварияның» бірнеше ойыншысы бас бапкер Юлиан Нагельсманның тактикалық шешімдеріне күмәнмен қарауда. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Инсайдерлердің айтуынша, мюнхендік клубтың бірнеше ойыншысы сенбіде «Штутгартпен» болған тең ойыннан (2:2) кейін бапкердің кінәні өз мойнына алудың орнына, футболшыларды айыптағанына ренжіген.

Айта кетейік, «Бавария» осы маусымда үшінші рет қатарынан тең ойын өткізді. Бұған дейін Нагельсманның командасы «Боруссия Менхенгладбах» (1:1) және «Унион» (1:1) клубтарымен ұпай бөліскен болатын.

Бундеслиганың алты турынан кейін «Бавария» 12 ұпаймен үшінші орында келеді. «Фрайбург» 13 ұпаймен екінші орынға, ал «Унион» 14 ұпаймен көш басына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×