«Бавария» қыста жаңа ойыншы сатып алмайды

16.12.2020, 05:36
Мюнхендіктер қыста трансфер жасамауды жөн көріп отыр.
«Бавария» қыста жаңа ойыншы сатып алмайды

Sport Bild басылымының хабарлауынша, мюнхендік “Бавария” қысқы трансферлік терезеде жаңа ойыншы сатып алмауды жөн санап отыр.

Дереккөзге сенсек, “неміс мәшинесі” академия ойыншылары мен жазда сатып алынған: Лерой Сане, Эрик Максим Шупо-Мотинг, Марк Рока, Буна Сарр, Александр Нубель, Тангу Нианзу Куасси һәм “Ювентустен” жалға алынған Дуглас Коста сынды аяқдопшыларға сенім артады.

Сонымен қатар “Бавария” сапынан Жером Боатенг және Давид Алаба кетуі мүмкін деген ақпараттар да шыққан еді.

“Бавария” Бундеслиганың ағымдағы маусымында 11 ойын өткізіп, 24 ұпай еншіледі, көшбасшы “Байерден” бір ұпай артта қалып, екінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×