«Бавария» «РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысына көз тікті

09.05.2022, 02:38
«Баварияның» бас бапкері бұл футболшымен кезінде бірге жұмыс істеген.
«Бавария» «РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысына көз тікті

«РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Конрад Лаймер «Баварияның» назарына ілікті, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, мюнхендік клуб 24 жастағы футболшының трансфері үшін шамамен 20 миллион еуро ұсынуға дайын. Лаймерді алу оңайға соқпайды, дегенмен футболшыға «Баварияның» бас бапкері Юлиан Нагельсман жеке өзі қызығушылық танытуда. Сондай-ақ Лаймерге Ағылшын Премьер-лигасының да топ-клубтары көз тігіп отыр.

Лаймер «РБ Лейпцигте» 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 24 жастағы австриялық осы маусымда Бундеслигада 24 ойынға қатысып, 4 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді. Оның клубпен қазіргі келісім-шарты 2023 жылға дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×