«Бавария» тоғызыншы маусым қатарынан Германия чемпионы атанды

09.05.2021, 18:41
Бундеслиганың аяқталуына әлі екі тур бар.
«Бавария» тоғызыншы маусым қатарынан Германия чемпионы атанды

Германия чемпионатының 32-турында Дортмундтық "Боруссия" "РБ Лейпцигті" 3:2 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында мюнхендік "Бавария" мерзімінен бұрын чемпион атанды.

"РБ Лейпциг" маусымның аяқталуына екі тур қалғанда 64 ұпайға ие болды және "Бавариядан" (74) он ұпайға артта қалып келеді.

Ал "Бавария" 32-тур аясында "Боруссия М" клубын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матчта Левандовски хет-трик жасады, Мюллер, Коман, Сане бір голдан соқты.

"Бавария" қатарынан тоғызыншы рет (2013-2021 жж) Германия чемпионы атанды. Жалпы "неміс мәшінесі" ұлттық чемпионатта 31 рет топ жарған

Ал тоғыз трофей жеңіп алған "Нюрнберг" пен сегіз рет чемпион атанған "Боруссия Дортмунд" бұл көрсеткіш бойынша екінші және үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×