«Бавария» жазда үш футболшымен толықпақ

20.04.2022, 20:28
Нагельсманн клуб басшылығына өз қалауын айтқан екен.
«Бавария» жазда үш футболшымен толықпақ

Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Юлиан Нагельсманның қай позицияларды күшейткісі келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport Bild басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, Нагельсманн клуб басшылығына жазғы трансферлік терезеде оң қапталда ойнайтын қорғаушы, мығым орталық жартылай қорғаушы, сондай-ақ шабуылда бәсекелестік тудыра алатын ойыншыны сатып алғысы келетінін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, мюнхендік клуб жақын күндері «Аякстың» қорғаушысы Нуссаир Мазрауимен келісім-шартқа отырады. Оң қапталда өнер көрсететін марокколық футболшы «Баварияға» еркін агент ретінде қосылады.

«Бавария» 30 матчта 72 ұпай жинап, Бундеслиганың турнирлік кестесінде көш бастап келеді. Германия чемпионатының келесі турында Нагельсманн шәкірттері Дортмундтың «Боруссиясымен» ойнайды. Кездесу 23 сәуірде Мюнхендегі «Альянц Аренада» өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×