Бэйл мен Йович кетеді

12.05.2020, 20:41
«Реал» ойыншысы Гарет Бэйл жасыл алаңдағы мансабын «Ньюкаслде» жалғастыруы мүмкін.
Бэйл мен Йович кетеді

Испан ақпарат көздерінің жазуынша, Англия клубының жаңа қожайындары Уэльс футболшысының жоғары жалақысын төлеуге әзір көрінеді. Трансфер құны 20 милион еуродан аспайды. «Реалдың» тағы бір ойыншысы Лука Йович «Миланға» ауысады деген әңгімелер шықты. Италия клубы шабуылшы Златан Ибрагимовичтің орнына ойыншы іздеп жатқан секілді. Швед футболшысы «Миланнан» кетуге дайындалып жатыр – дейді италия ақпарат құралдары. Мамандарды Йович – Анте Ребич жұбы қызықтырып отыр. Себебі екі футболшы «Айнтрахта» бірге доп тепті. Сондықтан бір-бірін жақсы біледі. «Реал» сербиялық ойыншыны жалға беруге қарсы емес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×