Бэйл «Тоттенхэмге» оралуы мүмкін

20.08.2020, 19:20
Моуриньо ойыншыға үлкен қызығушылық танытуда
Бэйл «Тоттенхэмге» оралуы мүмкін

"Тоттенхэм" өздерінің бұрынғы, қазіргі сәттегі "Реалдың" шабуылшысы Гарет Бэйлмен келісім-шартқа отыруды көздеп отыр, деп хабарлайды El Espanol.

Бұл ауысымның орын алғанын қалап отырған басты адам "Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуриньо. "Реал" да өз кезегінде Бэйлден құтылғысы келеді. Алайда бір ғана мәселе бар. Ол Бэйл жалақысының төмендеуіне келіспей отыр. Уэльстік ойыншының қазіргі уақытта мадридтік клубта алып жүрген жалақысын Лондондық клубтың төлеуі екіталай болып отыр.

Өздеріңіз білетіндей, Гарет Бэйлдің "корольдік" клубтағы қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Себебі алаңға шығуы азайды, оның үстіне бас бапкер Зинедин Зиданмен арадағы кикілжіңі де үлкен проблема. "Реал" жанкүйерлерінің наразылығына ұшырағаны тағы бар.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×