«Тоттенхэм» шабуылшысы Гарет Бэйлдің агенті Джонатан Барнетт «Реалды» Уэльстік ойыншыға деген көзқарасы үшін сынға алды.
«Бізге «Тоттенхэмнен» де үлкен басқа клубтар ұсыныс тастады, бірақ ол барған жеріне қанағаттануы керек. Барлығы оның «Реал Мадридтегі» мансабының аяқталғанын мойындады, сондықтан бұл ұсынысты қабылдау өте оңай болды. Бұл жеке тұлғалардың қақтығысы, қолдаудың болмағанын білдіреді. «Реалда» керемет жұмыс істеген адам лайықты құрметке ие бола алмады және бұл үлкен мәселе болды. «Реал» Бэйл жүрген еденді сүю керек», - деді Барнетт.
Бэйл "Реал Мадридке" 2013 жылдың жазында "Тоттенхэмнен" ауысып барған еді. Трансфер құны 101 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда 31 жастағы уэльстік шабуылшы Испания чемпионатының 16 матчына қатысты (негізгі құрамда 12), 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Футболшының Мадридтік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET