Бекбаев Қызылордада бой көтерген стадионды сыңға алды

“Ордабасы” командасының бұрынғы ойыншысы Алмат Бекбаев Aladop.kz порталына берген сұқбатында “Қайсар Аренаны” 40 млн доллар тұрарлық стадион еместігін алға тартты. 

Бекбаев Қызылордада бой көтерген стадионды сыңға алды

25 қыркүйек күні жыр елі, сыр елі - Қызылорда  жерінде 11 мың адамды сыйдыра алатын су жаңа стадион қолданысқа берілді. Алайда лентасы қиылғаны спорттық нысан сол күні-ақ көптің теріс пікіріне ілікті. 

Бізде кезінде ел құрамасының қақпашысы болған Алмат Бекбаевтың “Қайсар Аренаға” айтар ойын білген едік. 

  • “40 млн долларға бір емес екі стадион салуға болады. Бұл таза жемқорлық! Дизайнына келетін болсақ, мүлдем сөзім жоқ. Құдды бір Түркістан Аренаны көшіріп ала салған сияқты. Баяғыда Ермұхамед Мәулен осы мәселені көтеріп еді ғой. Онда ол Түркістанда стадион 50 млн-ға соғылады дегенде, Еуропадан түрлі стадиондардың мысалдарын көрсеткен болатын. Ішім ашиды… Бұлай жасауға болмайды”.

Айта кетейік, “Қайсар Аренадағы” алғашқы ойында “Ордабасы” мен “Тобыл” Қазақстан Кубогын сарапқа салады. Қос команда арасындағы жеңімпаз 4 қазан күні анықталатын болады. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×