Бекхан Шайзада: «Мұндай алаңда ойнауға кім рұқсат берді?»

11.03.2022, 00:17
Қақпашы Тараздағы алаңның сапасын сынға алды.
Бекхан Шайзада: «Мұндай алаңда ойнауға кім рұқсат берді?»

«Ордабасы» клубының қақпашысы Бекхан Шайзада Премьер-лиганың екінші турында «Таразбен» бооған ойыннан кейін (0:1) Instagram парақшасында жергілікті стадиондағы алаңның сапасын қатты сынға алды.

«Мен өзіміздің стадиондар үшін ұяламын! ҚПЛ ойындарын мұндай стадионда өткізуге кім рұқсат берді? Мен қатты ұялдым! Мұнда ойнау және тактика туралы ойлау мүмкін емес, ойыншылар қалай құламау және аяғын қайырып алмау туралы мәселені ойлайды. Мұны сіздер сезбейсіздер, өйткені біздің футболға салғырт қарайсыздар», - деді қақпашы.

Бұл ойында шымкенттік клуб 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Матчтағы жалғыз голды 20-минутта Абылайхан Жұмабек соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×