Бекхан Шайзада неге Қазақстан Кубогының финалында ойнамады?

04.10.2025, 22:37

 «Ордабасы»  клубының бас бапкері Андрей Мартин финалдық ойында неге Бекхан Шайзадаға сенім артпағанын айтты.

Бекхан Шайзада неге Қазақстан Кубогының финалында ойнамады?

«Қазақстан кубогының финалына дейін қақпашы Дмитрий Челядникке сенім артып келген едік. Өздеріңіз білетіндей, ол бұған дейінгі 4 матчта да гол жібермеді. Сондықтан ол финалда ойнауға лайықты болды деп санаймын. Әйтпесе Бекхан Шайзада біздің қақпашымыз деп санаймын. Дәл қазіргі сәтте барлық кінәні қақпашыға артып қойған дұрыс емес. Себебі, Қазақстан чемпионатында қостанайлықтарға қарсы қос матчта да Бекхан Шайзада тұрғанымен, есе жіберген едік», - деді Андрей Мартин.

Айта кетейік, алғаш рет Қызылордада ұйымдастырылған финалдық ойында фаворит саналған «Тобыл» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Шымкенттің «Ордабасы» клубы финалға дейін қарсылас шыдатпаған болатын. Олар жарыс жолында Алматының «Хан-Тәңірін» (2:0), Қазақстан чемпионы «Қайратты» (1:0), Петропавлдың «Қызылжарын» (1:0, қос матчтың қорытындысы) жеңді. Шымкенттіктер үшін де бұл финалдағы бесінші матчы болды. Олар өз тарихында 2011 және 2022 жылдары кубокты бастарына көтерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×