Беларусь біріншілігінің үздік ассистенті ҚПЛ-ге байланысты жоспарын айтты

16.07.2024, 17:08

"Жетісудың" жартылай қорғаушысы Антон Шрамченко "Bet News" сайтына берген сұхбатында Беларусь чемпионаты мен Қазақстан біріншілігі жайлы пікірін айтты.

Беларусь біріншілігінің үздік ассистенті ҚПЛ-ге байланысты жоспарын айтты
Антон Шрамченко

Сондай-ақ, талдықорғандық клубтың футболшысы өзінің алдағы жоспарлары туралы да ойын ортаға салған болатын. Айта кетейік, Антон Шрамченко қазір ауыр жарақатынан кейін айығу процесінде. Беларусиялық жартылай қорғаушы "Жетісу" - "Жеңіс" бәсекесінде жарақат алып, содан бері ресми ойындардан тысқары қалған еді. 

"Топ-клубтарға байланысты айтсам, екі мүмкіндік болды. Біріншісі - Минскінің"Динамосы". Бірақ сол жарақаттар кедергісін келтірді. Айығып, қатарға қосылған кезімде бапкер ауысып кеткен. Ал жаңа жаттықтырушы мені қажет деп таппады. Ал екіншісі осыдан екі жыл бұрын солигорскілік  "Шахтермен" байланысты оқиға болатын. Алайда, мұнда да сәтсіздік орын алды.  Команданың да басынан қилы күндер өтіп жатқан. Енді тезірек қатарға қосылсам деймін. Ал ең басты мақсат - Қазақстан чемпионатының үздік ассистенті атану. Беларусь біріншілігінде бұл жетістікке қол жеткізіп ем, енді ҚПЛ-де осы оқиғаны қайталаймын деп үміттенемін", - деді А. Шрамченко. 

Айта кетейік, Антон Шрамченко осы маусымның басынан бері "Жетісудың" намысын қорғайды. Оған дейін жартылай қорғаушы "Мақтаралда" доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×