Қазақстандық маман Сергей Якушин жаттықтыратын Дзержинскінің "Арсенал" клубы Беларусь чемпионатының көшбасшысы "МЛ Витебскіден" 17-турда ауыр жеңіліс тапты.
Кездесу 0:4 есебімен аяқталды. Голдарды Никита Баранок (37’), Олег Никифоренко (52’, 71’) және Алексей Носко (78’) соқты.
Бұл жеңістен кейін "МЛ Витебск” 45 ұпай жинап, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Ал "Арсенал” 19 ұпаймен 10-орында тұр. Келесі турда, 15 тамыз күні, Дзержинск ұжымы сырт алаңда "Сморгонь” клубымен кездеседі.