Беларусь чемпионатында өнер көрсететін 20 жастағы қазақстандық шабуылшы өз клубына жеңіс сыйлады

20.03.2021, 05:01
Бүгін ол жаңа клубындағы үшінші голын соқты.
Беларусь чемпионатында өнер көрсететін 20 жастағы қазақстандық шабуылшы өз клубына жеңіс сыйлады

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зульфикаров белоруссиялық "Энергетик-БГУ-2" командасы сапында "Шахтер Солигорск" клубымен болатын ойынға қатысты. Матч 4:3 есебімен "Энергетик-БГУ" жастарының пайдасына шешілді

Шымкент футболының тәрбиеленушісі бұл ойынға негізгі құрамда шықты. Бақдәулет кездесудің алғашқы минутында-ақ есеп ашты, ал 87-минутта есеп 3:3 болып тұрған кезде жеңіс голын соқты.

Бақдәулет Зульфикаров "Энергетик-БГУ" клубына бір апта бұрын ауысып келген еді. Ол жастар командасында өткізген алғашқы матчында-ақ гол соғып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×