"Қайрат" пен "Астана" клубының қос ойыншысы МЛ Витебск сапына ауысуы мүмкін.
Қысқы трансфер кезінде Витебск ұжымы “Қайрат” жартылай қорғаушысы Валерий Громыкоға ұсыныс жасаған екен. Алайда Беларусияның осы жылдағы үздік ойыншысы МЛ клубына “жоқ” деп жауап қайтарыпты. Үміт соңында өшеді демекші, чемпион ұжым Валерий агенттерімен қайта байланыс орнататын болады.
Ал келесі кезекте командаға Макс Эбонг қосылады деп күтілуде. Маусым аяқталған соң, беларусь өз отанына қайтып, МЛ Витебск клубының ойындарын тамашалап жүрді. Бульбаштар елінің спорт инсайдерлері Эбонгтың Михаил Мартынович командасына қосылу көрсеткішін 99% есептеп отыр. Макске жоғалтар ештеңесі жоқ. Оның үстіне қазір “Астана” командасы басына қара бұлт төнді. "Самұрық-Қазына" демеушіліктен кеткелі, клубтың жағдай қиын.