Испандық жаттықтырушы Карлос Алос Ферер командаға жалпы 24 ойыншысына қосыпты.
Айта кетейік, Беларусь құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында 15 қараша күні Данияға, 18 қараша күні Грекияға қарсы матч өткізеді. Алайда Ферер шәкірттері үшін іріктеу турнир 3-турдан кейін аяқталып қойды. Жоғарыда аталған кездесулерде жеңіске жету Беларусия үшін ешқандай басымдық бермейді.
Жалпы құрамаға 24 футболшының шақыртылғаны жайында айтып өттік. Солардың 4-еуі біздің Қазақстан чемпионатынан бара жатыр. Атап айтсақ, Егор Хвалько (“Елімай”), Валерий Громыко (“Қайрат”), Никита Корзун (“Ақтөбе”) және Макс Эбонг (“Астана”).
Қазірде бульбаштар командасы іріктеудің 4-тур қорытындысы бойынша ұпай еншілей алмай, көштің соңында келеді. Құрамаға С-тобында өнер көрсету қиынға соғуда.