“Атыраудың” “Ордабасыға” қарсы ішкі чемпионаттағы бүгінгі матчы Игорь Стасевич үшін маңызға ие.
2023 жылы ресейдің “Чайка” ұжымынан “Атырауға” ауысып келген беларус ішкі чемпионатта бүгінгі матчпен қосқанда, 60 ойын өткізіпті.
39 жастағы тәжірибелі ойыншы ҚПЛ “Атыраудан” бөлек, “Тұран” сапында өнер көрсетті. Түркістан ұжымында Игорь 13 кездесу өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді.
Айтпақшы, 22 шілде күні Стасевич Беларусь футболшылары арасында рекорд орнатты. Ол өз мансабында 732 матч өткізіп, отандасы Александр Глебтен оза шапты.