Беларусь жастар құрамасының бас бапкері Сергей Яромко 1990-жылдардағы Қазақстан мен Беларусия футболының айырмашылықтары жайлы естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Қазақстандағы клубтардың сол кездердегі жағдайы мен жалақы мөлшері туралы да айтты.
«Неге Шымкентті таңдадым ба? Ол кездің өлшемімен Қазақстанда жақсы төлейтін. Егер бізде екінші лигадағы жалақы мөлшері 160, 180, 220 рубль көлемінде болса, Шымкентте мен сол кезде жас футболшы ретінде 700 рубль алдым. 90-жылдары Қазақстандағы жағдай біздікінен едәуір жақсы болған. Қызылорда мен Шымкент ойнаса, дерби деп саналатын. Шымкент пен Тараздың арасындағы кездесу де солай. Біз өз матчымызды жеңіп, киім ауыстыратын бөлмеге келгенде, сыйақы конвертке салынып дайын тұратын. Міне сондай болды»,- деді беларусиялық бапкер.
Біздің серіктес: FONBET