Беларуссия чемпионы «Астана» қорғаушысына қызығушылық танытуда

23.12.2020, 20:27
Қорғаушы биыл негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды.
Беларуссия чемпионы «Астана» қорғаушысына қызығушылық танытуда

Metaratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтер Солигорск" клубы "Астананың" қорғаушысы Лука Шимуновичке қызығушылық танытуда.

23 жастағы қорғаушы өткен маусымда елордалық команданың негізгі құрамындағы орнынан айырылды. Ол ҚПЛ-де сегіз, ал еурокубокте екі матчқа қатысты.

Хорватиялық қорғаушының трансферіне бұған дейін Шимуновичпен бірге "Астанада" жұмыс істеген "Шахтердің" бас бапкері Роман Григорчук қызығушылық танытып отыр. "Шахтер" футболшы үшін ұсыныс жасаған жалғыз клуб емес. Ол сондай-ақ бірқатар шетелдік клубтардың назарына ілікті.

Айта кетейік, бұған дейін Шимунович өткен маусымда Беларуссия чемпионы болған "Шахтер Солигорск" клубында ойнаған болатын. 2018 жылғы маусымда Шимунович "Шахтер" сапында 18 матч өткізіп, бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×