Беларустар гол соққан күн

“Атырау” командасы ҚПЛ 16-турында қызылордалық “Қайсармен” тең ойнады. (2:2).

Беларустар гол соққан күн

Мұнайлы өлкенің сапынан бұл ойында беларус Игорь Стасевич пен Николай Сигневич гол соқты. Бірі айып добынан нәтиже шығара алса, енді бірі командаласының пасынан кейін баспен ерекшеленді. Бір қызығы аталған кездесуде “Қайсар” сапынан да қос беларус Руслан Юденков пен Дмитрий Бородин гол соғып, оңтүстік ұжымды жеңілістен аман сақтап қалды. 

Айта кетейік, ойын соңындағы қосымша уақытта “Қайсар” ойыншысы Йован Пайович алаңнан қуылды. Ол енді қызылордалық ұжымның 18 тамыз күні өтетін “Ақтөбеге” қарсы ойыннан шет қалады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×