Беларусьтік футболшы Семейде ойнауын жалғастырады

Бүгін, 08:09

Евгений Березкин "Елімаймен" келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Беларусьтік футболшы Семейде ойнауын жалғастырады

Семейлік "Елімайдың” жартылай қорғаушыcы Евгений Березкин командада қалатын болды. Бұл туралы футболшы Legalbet.kz порталына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

Ауыр жарақатына қарамастан, Березкин мен клуб басшылығы ортақ мәмілеге келген. Футболшы келесі маусымда да Семейлік ұжымның намысын қорғайтынын растады.

"Мен "Елімайда" қаламын. Келісімшартты келесі маусымға ұзарттым.” — деді жартылай қорғаушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×