"Матч ТВ" арнасының жүргізушісі әрі тілшісі Эльвин Керимов Бельгия – Қазақстан матчына болжам жасады.
Керимовтың айтуынша, Бельгиялықтар соңғы ойында Лихтенштейнге қарсы өте сенімді ойнады:
"Бельгия сол матчта алты гол соғып, қарсыласқа бірде-бір соққы жасауға мүмкіндік берген жоқ. Допқа иелік етуі – 82%, Лихтенштейннің дәл пастары – небәрі 54%. Командалар екі бөлек деңгейде екені анық.
Қазақстанға келсек, команда тек Лихтенштейнді жеңді. Қалған қарсыластарынан, соның ішінде соңғы турда Уэльстен ұтылды. Сол матчта Қазақстандықтар допқа 30% иелік етіп, бірнеше соққы жасағанымен, нәтижеге жете алмады.
Қазақстан үшін Бельгияға қарсы ойын оңай болмайды. Бельгия бірінші орыннан тікелей әлем чемпионатына баруды көздейді, сондықтан мұндай кездесулерде ұпай жоғалтуға жол бере алмайды. Менің болжамым: Бельгия жеңеді әрі матчта 3,5 голдан көп соғылады.” – деді Керимов.