Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері Руди Гарсия командаға жаңа капитан тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл мәртебеге “Астон Вилланың" жартылай қорғаушысы Юри Тилеманс ие болды.
Тилеманс ұлттық құрама сапында 2016 жылдан бері 77 матч өткізіп, 10 соққан.
"Капитанымыз анықталды. Юри команда ішінде үлкен құрметке ие, әр ойыншымен тіл табысады. Ал Кевин Де Брюйне, Тибо Куртуа және Ромелу Лукаку секілді жұлдыздар әлі де құраманың негізгі көшбасшылары болып қала береді." – деді бас бапкер Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Қыркүйек айында Бельгия екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Лихтенштейнге қарсы, ал 7 қыркүйекте Қазақстанға қарсы алаңға шығады.