Бельгия құрамасының қыркүйектегі ойындарына қатысатын футболшылар есімі белгілі болды

Қызыл сойқандар 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 23 ойыншымен өнер көрсетпек.

Бельгия құрамасының қыркүйектегі ойындарына қатысатын футболшылар есімі белгілі болды

“Бельгия” құрамасы қыркүйек айында Лихтенштейн мен Қазақстанға қарсы екі ойын өткізеді.

Аталған ойындарға қатысатын футболшылар тізімі

Қақпашылар: Мартен Вандевуурт, Сенне Ламменс, Матц Селс;

Қорғаушылар: Зено Дебаст, Артур Теате, Ваут Фаэс, Томас Менье, Кони Де Винтер, Брендон Мехеле, Диего Морейра;

Жартылай қорғаушылар: Максим Де Кёйпер, Амаду Она́на, Кевин Де Брюйне, Юри Тилеманс, Леандро Троссар, Ханс Ванакен, Николя Раскин, Алексис Салемакерс;

Шабуылшылар: Лоис Опенда, Ромелу Лукаку, Доди Лукебакио, Шарль Де Кетеларе, Жереми Доку.

Бір қызығы, Руди Гарсия жаттықтыратын команда жыл соңына дейін жарақатына байланысты қатардан шыққан Ромелу Лукакуды қайта тізімге қосқан екен. Бірақ шабуылшының ойындарға дайындығы жайында әзірге нақты ақпарат жоқ. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×