Бельгиялық футболшы «Қайратқа» қарсы матч туралы: тәжірибе – бәрінен маңызды

18.01.2026, 11:31

«Қызылжардың» бұрынғы қорғаушысы Брайан Ван Ден Богарт «ASnews.kz» сайтына сұхбат беріп «Қайрат» - «Брюгге» кездесуіне болжам беріп, алматылық клубтың мүмкіндігін бағалады.

Бельгиялық футболшы «Қайратқа» қарсы матч туралы: тәжірибе – бәрінен маңызды
"Брюгге" ФК футболшылары

Айта кетейік, 20-қаңтарда ҚПЛ чемпионы бельгиялық командамен шеберлік байқасады. ЧЛ жалпы кезеңіндегі жетінші тур кездесуі «Астана Аренада» өтеді.

«Нефтчимен» (0:3) болған матчтағы жеңілістің айтарлықтай әсері жоқ, себебі жолдастық кездесулерді Чемпиондар лигасымен салыстыруға келмейді. Еурокубок матчтарында ойыншылардың концентрациясы, қарқыны мен тактикасы мүлде басқа деңгейде болады.

Ал «Брюггедегі» бас бапкердің ауысуы «Қайрат» үшін үлкен қиындық болады. Мұндай жағдайда футболшылар өздерін барынша көрсетуге тырысады, ал команда дайындығы одан әрі күшейе түседі. Сондықтан қазақстандықтар тек ұзақ сапар факторына ғана үміт арта алады. Мен өзім де Бельгиядан Қазақстанға талай рет ұшып келгенмін, сондықтан түсінемін: алыс сапар пен қалыпқа келуге кететін уақыттың аздығы кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе ойынның басында. Дегенмен жалпы болжамым – 70/30 «Брюггенің» пайдасына. Тәжірибе – бәрінен маңызды», – деді бельгиялық футболшы.

«Брюгге» Чемпиондар Лигасының турнирлік кестесінде 31-орынға жайғасуда. Бельгиялық клуб басшылығы соңғы нәтижелерге көңілі толмайды, осыған байланысты бас бапкер Ники Хайенді орнынан босатып, тізгінді Иван Лекоға ұстатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×