Бельгиялық қарсыласымыз “Қайратпен” параллель ойында жеңіліс тапты

“Брюгге” командасы Бергамо қаласында қонақта болып, “Аталанта” ұжымынан есе жіберді. 

Бельгиялық қарсыласымыз “Қайратпен” параллель ойында жеңіліс тапты

"Брюгге” матчта Христос Дзолистің көмегімен есепте алға шыққанымен, екінші таймда сан басымдығын қарсыласқа беріп қойды. “Аталантадан” бірінші болып Лазар Самарджич 74’ минутта пенальтиден гол соғып, артынша Марио Пашалич Бергамо командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейінгі кездесуінде “Брюгге” “Монаконы” 4:1 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Ендігі ойынын бельгиялық команда 23 қазан күні мюнхендік “Баварияға” қарсы өткізеді. 

Еске салсақ, Никки Хайен шәкірттері келесі жылдың қаңтар айында Алматыда “Қайратпен” бақ сынасады. Аталған кездесу Чемпиондар Лигасының 7-туры аясында өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×