Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы 1:1 есебімен аяқталған матчтан кейін белгілі Бельгиялық журналист Фредерик Вазейж Темірлан Анарбековтың ойынын жоғары бағалап, оған үлкен құрмет көрсетті, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Ойынның үздігін іздеп қажет емес."
Журналисттің айтуынша, бұл кездесуде кімнің үздік болғаны туралы ешқандай дау туындамайды:
"Ойынның үздігін іздеп әуре болмай-ақ қойыңыздар! Қазақстан қақпашысы Темірлан Анарбеков Бельгия құрамасын сөздің шын мәнінде тығырыққа тіреді. Ол сегіз керемет сейв жасады! Тибо Куртуа болмады, бірақ бүгін біз әлемдегі ең мықты қақпашыны көрдік.” — деді Вазейж.